20-қазан күні студенттер үйінде студенттік кеңестің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Қыран елім-Қазақстаным» атты мерекелік шара өтті. Мақсаты: Студенттерді өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат болуға тәрбиелеу.Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.Мерекелік кешті 1аКШК-11 тобының студенттері Салимова Жаннұр, Асқаров Жанболат, Жакупов Ернар Сырбай Мауленовтың «Менің Республикам» туындысымен ашты.Кеште студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, би билеп, әсем әндер шырқалды, соңында хормен «Атамекен» әні орындалды.
Read more ...