«Педагогика және психология» кафедрасында “Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

2024 жылдың 21 мамыр күні колледж студенттерінің ата-аналарына «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Шара барысында «Педагогика және психология» кафедрасы “Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.

1аКШО-11, 2аКШО-11, 2пКШО-11, 2 а,с РШО-9, 3аКШО-9, 3аКШО-11, 4асКШО-9 топтарынан 22 ата-ана қатысты.

«Менің әкем жақсы адам» тақырыбында колледж студенттерінің әкелері арасында волейбол жарысы өтті

21 мамыр күні Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының онкүндігі және "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында колледж студенттерінің әкелері арасында "Менің әкем жақсы адам" атты волейбол ойыны жарысы өткізілді. Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, тәрбие үдерісін ұйымдастыру, әкенің отбасындағы рөлін терең тану және жетілдіру мақсатында өткен шарада өткен волейбол ойыны өте тартысты өтті.

«Шығармашылық ізденіс-тиімді тәжірибе» тақырыбындағы семинар туралы

17.05.2024ж. Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары Қаратөбе ауданы білім беру бөлімі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы базасында «Шығармашылық ізденіс-тиімді тәжірибе» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

«Өнер – өркениеттің негізі» тақырыбында көркем еңбек кафедрасы онкүндігінің ашылу салтанаты өтті

20 мамыр күні «Өнер – өркениеттің негізі» тақырыбында көркем еңбек кафедрасы онкүндігінің ашылуы болды. Онкүндіктің негізгі мақсаты: студенттердің шығармашылық, кәсіби іскерліктерін дамыту, рухани-адамгершілік, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, көркем еңбек мамандығы бойынша білім алып жатырған студенттердің шығармашылық жұмыстарын көрсете отырып, мамандықты көпшілікке насихаттау болып табылады. Онкүндік аясында студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі, шеберлік сыныптар, көрме, сайыстар, әртүрлі қызықты шаралар жоспарланған.

Таза Қазақстан акциясы

20 мамыр күні колледж студенттері Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағында су тасқыны зардабын қалпына келтіру мақсатында тазалық жұмыстарына үлес қосты.

Эвакопункт тұрғындары арасында спорттық жарыстар өтті

17 мамыр күні «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының онкүндігі аясында «Халықаралық отбасы күніне» орай эвапункт тұрғындары арасында спорттық жарыстар өткізілді, арқан тартыс, гір тасын көтеру, асық ату, кермеден тартылу, секіртпеден секіру сайыстарынан тұрғындар өзара бақ сынасты. Шара өте тартысты өтті.

Ұлық ұлыс – Жошы ұлысы

Мемлекет басшысының шешімімен 2024 жыл «Жошы ұлысының 800 жылдығын республика деңгейінде кең көлемде атап өту» жылы болып жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Сонымен қатар тарихшыларымыздың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады» деген еді.

Ұлттық ойындар - ұлт қазынасы

М.Жұмабаев: «Ұлттық ойындар - халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтырудың негізгі элементі»

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының онкүндігі аясында «Ұлттық ойындар - ұлт қазынасы» тақырыбында конференция өтті.

3пКШФ-11 тобының студенттері Казиханова Айкөркем, Нұрланов Нұртілек, Ерболатов Жастілек “Асық ойыны”, “Бес асық”, “Қазақ күресі”, 4аКШФ-9 тобының студенті Какимжанова Аягөз “Ләңгі” тақырыптарында баяндамалар оқыды.

СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!

12-16 мамыр аралығында Ақтау қаласында өткен Жастар арасындағы жауынгерлік самбодан колледжіміздің 4аКШФ-9 тобының студенті Қамидоллаева Жансая Азия чемпионы атанды.

Жансаяны шын жүректен құттықтаймыз! Алар биігің көп болсын!

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 1

Кеше 12

Осы аптада 39

Осы айда 362

Барлығы 255722

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска