Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурыз күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің музыка кафедрасы оқытушылары мен студенттері "Жайлау күні" тақырыбында мерекелік шара өткізді.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурыз күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің музыка кафедрасы оқытушылары мен студенттері "Жайлау күні" тақырыбында мерекелік шара өткізді.
Бүгін студенттер үйінде Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Набидоллин Бисенбай Қуанышқалиевичтің ұйымдастыруымен “Ұлыстың ұлы күні - Наурыз” мейрамына орай студенттер үйінің тұрғындарына “Дойбы” ойынынан жарыс өткізілді. Қатысушы тұрғындар бір-бірін басқа қырынан танып, тартысты ойын болды. Тұрғындар қызығушылықпен қатысып, ішінде ең мықтылары жүлделі орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды. Студенттеріміз алғысын айтып, бір сергіп қалды.
Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 12.03.2021 күні бітіруші 14 топтың студенттерімен диплом алды практикасының қорытынды конференциясы ZOOM платформасында екі кезеңде өтті.
12 наурыз куні студенттер үйі тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен Көрісу күніне орай «Көрісумен қауышу» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.
Мақсаты: Студенттерді қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі — амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу.
2021 жылдың 11 наурызында "Педагог" мектепке дейінгі консультативтік-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар" тақырыбында республикалық онлайн семинар өтті.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 11ақпан күні Орал қаласының №12, 13, 16 ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі.
05.03.2021 жылы «Математика, физика және информатика» кафедрасының оқытушылары Казталов ауданының «Казталов мектеп лицейі», «Тереңкөл», «Бірік», «Богатырев», «Қайынды» ЖОББМ-де ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады және тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.
04.03.2021 ж 1асКДО-9 студенттерімен колледж психологы Назерке Хамитқызы «КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАСЫЗ МҮМКІНДІК» атты психологиялық тренинг өткізді.