«ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰМАРЫМ»

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Алаш идеясы және ХХІ ғасыр жастары» тақырыбында республикалық ІІІ «Жаһанша оқулары» ғылыми-практикалық онлайн конференциясы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰМАРЫМ» тақырыбында студенттер арасында  қашықтан шығармашылық байқау өткізді.Мақсаты: «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰМАРЫМ» тақырыбында колледж білім алушыларының өз халқының тарихын, әдебиетін,  тілін қадір- қасиетін Алаш арыстарының ұстанымдары негізінде түсініп, Тәуелсіздіктің мәнін жас ұрпақтың қаншалықты саралайтындығын студенттердің шығармашылық  жұмыстары арқылы байқау.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел-Жаһанша жастары» атты колледжішілік шығармашыл студенттер байқауы

Музыка кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел-Жаһанша жастары» атты колледжішілік шығармашыл студенттік байқауы өтті.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ағымдағы жылдың 15-ші желтоқсан күні «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж ұжымы және мекеме басшысы Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы колледж қызметкерлерін мерейлі жасымен құттықтап, кәсіподақ комитетінің арнайы құттықтау хатын табыстады.

”College MUN Conference” виртуалды конференциясы

11.12.2020 жылы ағылшын тілі онкүндігі аясында, ”College MUN Conference” виртуалды конференциясы болып өтті. Конференция MUN  форматында, “COVID-19” тақырыбында ұйымдастырылды. Студенттер “COVID-19” туралы сөздерін қорғап, пандемия мәселелерін ағылшын тілінде талқылады.

“Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!” атты мерекелік кеш

14 - желтоқсан күні Студенттер үйінде, тәрбиешілердің ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған “Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!” атты мерекелік кеш өтті. Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қолжеткізу жолына талай боздақтармыздың жалған айыппен құрбан болғандарын көрермендерге жеке ұғындыру, студенттердің дүние танымын кеңейту. Мерекелік кеште тұрғандар патриоттық әндер, патриоттық флешмоб, жеке шығармашылық өлеңдерін арнады.

«Туған  жер тұтастығы  мен  ел болашағы»тақырыбында дөңгелек үстел

Бүгін студенттер үйінде тәрбиеші Н.Байтақова «Туған жер тұтастығы мен ел болашағы»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Студенттердің білімдерін тереңдету. Туған өлке туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып,сөздік қорларын толықтыру,ауызекі тілде еркін жеткізіуін қалыптастыру. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне,еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Цифрлық даму мектебінің ІІ шақырылымы оздырылды

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ағымдағы жылдың 10-шы желтоқсан күні «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫ ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ»тақырыбындағы   Цифрлық даму мектебінің ІІ шақырылымы өткізілді.

«Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қалаушы Ұлы Дала ұрпағымыз» тақырыбында патриоттық әндер кеші

10.12.2020ж. күні Студенттер үйінде  «Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қалаушы Ұлы Дала ұрпағымыз» тақырыбында патриоттық әндер кеші өтті. Мақсаты: Студенттерге патриоттық әндерді айтқызу, тыңдату арқылы Отанын, туған жерін, туған елін құрметтеуге тәрбиелеу. Тұрғындар еңсесі биік егемен еліне арналған әндерін шын жүрекпен орындап,  күйлерін шертіп, кешті жақсы көңіл күймен өткізді.

«English as a  vital skill» тақырыбындағы «Шет  тілі» кафедрасының онкүндігі

2020 жылдың 7-25 желтоқсан аралығындапәндік онкүндік аясында «English as a vital skill» атты шет  тілікафедрасының онкүндігі өтуде.

Онкүндіктің мақсаты: ағылшын тілінің білім алудағы маңызы мен мүмкіндіктерін тереңірек аша отырып, сөйлеу дағдысын дамыту. https://youtu.be/afO-uljLJag

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 9

Кеше 12

Осы аптада 47

Осы айда 370

Барлығы 255730

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска