19.12.2024 ж күні «Жаһанша колледжіне 110 жыл: Тарих, Тағылым және Жаңашылдық» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясында Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен 1асКШО-9 тобы, топ жетекшісі А.Қ.Рахметова «Тарихи тұлғаның идеялары: Жаһанша Досмұхамедов және қазіргі Педагогика» тақырыбында коучинг өткізді.
Коучинг барысыныда Жаһаншаның педагогикалық идеялары талқыланып, Canva бағдарламасы арқылы онлайн форматта тапсырмалар орындалды. Шара соңында «Болашақ педагогқа Жаһаншадан үлгі» макеті жасақталып, QR код арқылы қазіргі таңда Жаһанша есімімен байланысты мәдени –мекемелер, музей, Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп бөбекжай кешені, «Қайраткер» қоғамдық қоры, Ж.Досмұхамедовтың 135 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялары, «Жаһанша жолы» атты ғылыми – танымдық экспедициясы, Жаһаншаның ізі жалғасқан жолдар таныстырылып, дәріптелді!