20 желтоқсан күні Жаһанша Колледжі "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығы "Дене тәрбиесі пәні мұғалімі" біліктілігінің 4а КШФ-9 тобының студенттерімен мемлекеттік дипломалды машығының портфолиосын қорғау конференциясы өтті. Мамандықты бітіруші топтың студенттері облысымыздың әр аудандарына және қаламыздың мектептеріне мамандыққа бағытталған машыққа жолдама алды.
Әрбір студенттің жеке портфолиосында оқу-тәрбие жүйесіне қажетті құжаттар, ұзақ мерзімді жоспарлар, сабақ жоспарларының үлгісі, жаңартылған дене шынықтыру бағдарламалары, тәрбие сағаттарының үлгі жоспарлары, ЖДЖ кешендері, хронометраж өткізу хаттамасының үлгісі, президенттік тест өткізу қағидалары, сергіту сәттері, қозғалмалы ойындар ережесі, дидактикалық материалдардың үлгілері дәстүрлі және электрондық портфолиосы жасақталды. Практика әдіскерлері А. А Муратбекова оқу практикасы мезгілінде студенттердің дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастырды. Конференция барысында колледж директорының оқу- өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.С. Мукашев, оқу ісі жөніндегі орынбасары С.М. Кенжегалиева, методист Ж.Ж. Жонкарбаева студенттерге дипломалды машығының маңыздылығын, машықкер жұмысының жоспары бойынша атқарылатын қызметтерін абыроймен өтіп келулерін айтып өтті. Сонымен қатар, оқу үрдісіне сәйкес әрбір студентке бөлінген курстық жұмыстардың тақырыптарына байланысты, ғылыми жұмыстың практикалық бөлімін машықпен байланыстыру, ізденіс, зерттеу жұмыстарын жалғастыру жүктелді. Колледжден алған теориялық білімдерін өз мектептерінде дағдыландырып, біліктілік жинап келеді деген сеніммен аттанды. Оқу практикасы қорытындысын болашақ дене шынықтыру мұғалімдері осынау маңызды машыққа аттанар алдында ұстаздық ант беруі көңілге қуаныш сыйлады. Әр студенттің жүрегінен шықты, түйсігіне жетті деп қабылдадық.