Бүгін колледж медбикесі А. Джумагалиевамен «Тазалық саулық негізі» тақырыбында студенттер үйінің қыздарымен кездесу ұйымдастырылды.
Бүгін колледж медбикесі А. Джумагалиевамен «Тазалық саулық негізі» тақырыбында студенттер үйінің қыздарымен кездесу ұйымдастырылды.
Орал қаласының әкімдігі қала аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жөніндегі сенбілік күндерін өткізу туралы қаулысына сәйкес, қала аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру, өзен мен көлдер, бөген-тоғандардың жағалауын, қоқыстардан тазарту мақсатында 05.10.2019ж Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1аКШР-9, 1аРДО-9, 1аРШО-9 тобының студенттері және әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова, топ жетекшілері А.Каримова, Н.Заруцкая, А.Сарсенғалииева жалпы қалалық сенбілікке қатысып, «Исатай-Махамбет» ескерткішінен бастап, «Пугачев» аялдамасына дейін санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
5 қазан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері Орал қаласының М.Өтемісов пен и И.Таймановқа арналған ескерткішіне саяхат жасады. Сондай-ақ Шаған жағалауын тазалау сенбілікке белсене қатысты. Қатысқан топтар: 1а РДО, 1а РШО, 1а КШР, кураторлары А.Б.Сарсенгалиева, Н.Н.Заруцкая, А.К.Джумагазиева. Студенттер бұл шарадан жақсы көңіл күймен оралды, бір жағынан таза ауада жүргенінен, сондай-ақ өз қаласының тазалығына үлес қосқандарынан. Ересектер балаларымыздың еңбектерін құрметейік!
«Мұғалімдер күні» мереке қарсанында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 1 а РДО тобында "Учитель - это звание или призвание" атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушылардың педагог мамандығы жөнінде көзқарастарын кеңейту, таңдаған мамандығына қызығушылығы мен құрметтей білу қабілеттерін тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында студенттер түрлі ойындар ойнап, «Ералаш» теле журналының оқиғаларын, постер орындады, сондай-ақ түрлі түсті қарындаш, фломастер, түрлі-түсті қағаз, желім, табиғи жапырақ көмегімен құттықтау қағаздарын жасады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы «Еріктілер жылы» деп жариялады. Президент өз сөзінде: «Қазақстан – жастардың мемлекеті. Бізді әлемнің әр мемлекеті таниды, бізбен санасады. Бұл елдің тарихи жетістіктерінің бірі емес пе!?» Еріктілер-жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіне сөзсіз. ҚР ПРезиденті ретінде мен әрқашан волонтерлардың қозғалысын қолдайтынымызды жеткіземін» - деп еріктілік қызметке баса назар аудартты.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қамкөңіл жандарға халқымыз көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, қолдан келген жәрдемін ұсынып, қарттарды аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір адамзат баласының адамгершілік борышы деп есептейді.
27.09 күні «Баланың мектептегі алғашқы күндері» практикасын қорытындылау конференциясы өтті. Конференция барысында машықкерлер практика есебін,педагогикалық практика күнделігін тапсырды және балалардың оқуға дайындығы,олардың мектепке қарым-қатынасы диагностикасы материалдарын тапсырды.
25-28 қыркүйек аралығында колледж оқытушысы А.Б.Сарсенгалиева Қарағанды қаласында мектепке дейінгі роботехника жөнінде курстан өтті. Семинарға Қарағанды қаласының педагогтары, Алматы және тағы басқа мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Семинар барысында мектеп жасына дейінгі балалар үшін робототехника маңыздылығы, өткізу ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді, сондай-ақ робот түрлерімен таныстырылды. Мектепке дейінгі роботехника – цифрлық Қазақстанның бірінші баспалдағы деп колледждің болашақ мамандарын заман талабына сай оқытуды мақсат етеді.
Салауатты өмір салтын ұстану - қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.