Парасаттылық мектебі, парасатылыққа тәрбиелейді.

Бүгін колледжімізде «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастады. Дөңгелек үстелге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының орынбасары Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы Ақмырзаев Рустам Сапарбекұлы, БҚО әкімінің бірінші орынбасары Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы арнайы қатысты.

 Қазақ жазуының тарихы мен латын әліпбиі емлесін оқыту кабинеті ашылды

Тәу етер Тәуелсіздігі қарсаңында Қазақ жазуының тарихы мен латын әліпбиі емлесін оқыту кабинетін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық салтанатты түрде ашылды. Себебі бізге Тәуелсіздік не берді десек, ғалым Мұхтар Арын айтқандай ұлттың тірегі бес нәрсені анықтауға , оны санада қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді. Ол: тіл, атамекен, дәстүр, діл, дін. Ең бастысы осы бесеуіне тұғыр болып тұрған - ана тіліміз.

Тәрбие сағаты «Люблю тебя мой Казахстан»

11 желтоқсан күні мамандығы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 1ас РДО «Люблю тебя мой Казахстан» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Бұл шараның мақсаты Тәуелсіздік жылдар аралығында Қазақстанның дамуы жөнінде білімдерін бекіту, кеңейту, патриозм мен Отанына сүйспеншілігін тәрбиелеу.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» халықаралық үздік студенттер байқауы

Колледжіміздің музыкалық білім беру мамандығының 3 курс студенті Айтбай Айдар Амантайұлы 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты халықаралық үздік студенттер байқауына қатысып, 200-ге жуық жоғары және арнайы орта білім беру оқу орындарының ішінде І дәрежелі дипломға ие болып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты төсбелігі иегері атанды.

Жастар жылына орай студенттер үйінде мотивациялық кездесу

10.11.2019 ж Жастар жылына орай студенттер үйінде Облыстық жастар ресурстық орталығының жастар саясаты бөлімінің мамандары - Мейірбек Қайырұлымен жайдарманшы Шамұратов Даурен Ибатұлымен мотивациялық кездесу ұйымдастырылған болатын. Кездесу еркін бағытта басталып, замандастар арасындағы әдемі әңгімемен өрбіді.

«Еркіндігім, қасиеттім, қастерлім»

Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі екендігін Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік бабалар арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қолжеткізген ұлы жеңіс. Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр «тар жол тайғақ кешулерден, соқтықпалы, соқпақсыз отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың зұлматынан өткен, сыйы мен тартуы да, қайғысы мен қасіреті де жетерлік сәттерге толы болды десек артық айтқандық емес. Даламыздай кең де, сабырлы халқымыз тағдыр талайында өзіндік қасиетін жоғалтпай, батыл қадам нәтижесінде азаттыққа қол жеткізгені тарихи шындық.

«Хроника Великой Победы»

05.12.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері және физика-математика кафедрасының оқытушысы А.Ғабдрахманова «Гагарин» атындағы кинотеатрында Ұлы Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында және Жастар жылына орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Мәметова мемориалдық музейі Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек ардагерлерінің қатысуымен «Хроника Великой Победы» атты патриоттық акциясы барысында М.Мәметованың ерлігінің 75-жылдығына орай түсірілген жаңа деректі фильмінің көрсетіліміне барып қайтты.

«Тәуелсіздікке тағзым» тақырыбында патриоттық әндер кеші

05.12.2019 күні студенттер үйінің 9 «а» қабаты кино залында елімізде өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Жас ұрпақты сүйіспеншілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету мақсатында «Тәуелсіздікке тағзым» тақырыбында патриоттық әндер кеші оздырылды.

Көмек көрсету

05.12.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді жастары және әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова Орал қаласының тұрғыны, Кокчетавская 31 мекен-жайында тұратын, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының» қызмет алушысы, І топ мүгедегі Кузнецова Надежда Константиновнаның үйіне барып, ауланың қарын тазалап, көмек қолын созды. Жастардың бұл ісіне риза болған Надежда Константиновна қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайтынын айтып, студенттерге алғысын білдірді.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 8

Кеше 12

Осы аптада 46

Осы айда 369

Барлығы 255729

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска