ЖАҺАНША КОЛЛЕДЖІНЕ-110 жыл
"Үлгі тұтар ұстаздарым" айдары
Мен, Асанова Дана Қайратқызы 2018-2022 жылдары аралығында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің дене шынықтыру және спорт мамандығын оқып үздік дипломмен аяқтадым.
Қазіргі таңда Орал қаласы Жауынгерлік Өнер Қауымдастығының Облыстық балалар жасөспірім спорт мектебінің қол күресінен жаттықтырушы қызметіндемін.
✓ Қол күресінен Спорт шеберігіне үміткер;
✓ Қол күресінен Қазақстан Республикасының біріншілігінің жеңімпазы;
✓ Қол күресінен Азия чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері (2022-2023 жылдар);
✓ 2022 жылы қол күресінен Өзбекстан Самарқанд қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
✓ 2022 жылы қол күресінен Түркия, Анталия қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
✓ 2023 жылы қол күресінен Өзбекстан Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері;
2024 жылы Өзбекстан Ташкен қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы
✓ «Ж. Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі» директорының Алғыс хат иегері (2022жыл);
✓ «Ж. Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі «Кәсіби жас маман – 2022» байқауының жеңімпазы (2022жыл);
✓ «А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия» директорының Алғыс хат иегері;
✓ «Жауынгерлік өнер қауымдастығының облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директорының Алғыс хат иегері (2022жыл);
✓ Батыс Қазақстан облысының Білім басқарамасы басшысының Алғыс хат иегері (2022жыл);
✓ Батыс Қазақстан облысының гір спорты және қол күресі федерациясының президентінің Алғыс хат иегері (2022жыл);
✓ Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының Алғыс хат иегері (2022жыл);
Қол күресі спорты саласында Қазақ елінің намысын өзге елде қорғап, жеткен жетістіктерінің нәтижесінде, 2023 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының «Евразия» арнасының «КӨРЕМІЗ» ток-шоуына жеке шақырту алып, спорттағы жеңістері мен жетістіктері жайында сұхбат бердім.
Осындай үлкен жетістіктерге жетуіме себепкер болған Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы колледжнің дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұстаздарына үлкен алғысымды білдіремін. Сол жылдары білім ордасында ұлағатты қызметте болған ұстаздарымыз атап айтқанда Айсауле Серикалиевна,Айгүл Аманжановна, Бейсенбай Куанышкалиевич, Нұрлыбек Закарияновичтың біздің тұлға болып қалыптасуымызға еңбектері орасан зор.
Сіздер тек білім емес, өмірлік мәні бар құнды сабақтарды да үйреттіңіз. Сіздердің төзімділігіңіз бен жанашырлығыңыз бізге күш-қуат берді. Бізді әрқашан қолдап, дұрыс жолға бағыттадыңыздар. Білімге деген құштарлықты оята білгендеріңіз үшін мың алғыс айтамын.
Сіздерге тек денсаулық, бақыт, және әрқашан жаңа жетістіктер тілеймін! Білім мен тәрбие берудегі еңбектеріңізге ризашылығымды білдіремін.