Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің "Бастауыш білім беру" мамандығының 1 курс 1асКШО-9 тобының студенті Ешмұқан Альбина Чехияның Прага қаласында өткен тоғызқұмалақтан халықаралық турнирден жүлделі I орын иеленді!
Турнирге 13, 15, 17 жас аралығындағы жасөспірімдер Чехия, Испания, Венгрия, Польша, Қазақстан елдерінің спортшылары қатысты.
Бұл жеңіс Тәуелсіздік мерекесіне және колледждің 110 жылдық мерейтойына үлкен сый болды! Жас спортшымыз Альбинаның бағындырар белестері көп болсын!