19.12.20245ж. Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде облыстық білім басқармасы қолдауымен Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 110 жылдық мерейтойына орай «ЖАҺАНША КОЛЛЕДЖІНЕ 110 ЖЫЛ: тарих, тағылым және жаңашылдық» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара Жаһанша Досмұхамедовтың мұрасын, Алаш қозғалысының идеяларын және қазіргі қазақ қоғамындағы орны мен маңызын талқылауға арналды. Конференция республикалық деңгейде өтті, оған еліміздің әр өңіріндегі педагогикалық колледждер мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференция төрт негізгі бағытта өтті:
- Жаһанша Досмұхамедов мұрасы – ұлт қазынасы
- Алаш автономиясы және қазіргі қазақ қоғамы
- Алаш қайраткерлерінің педагогикалық көзқарастары
- Біртұтас тәрбие бағдарламасы: ұлттық құндылықтар арқылы ұлттық сананы қалыптастыру негіздері
Әр секцияда қатысушылар баяндамаларын 5 минут ішінде ұсынды. Барлығы 300-ге жуық жұмыс қабылданып, 60-қа жуық баяндама тыңдалды. Баяндамаларда келесі мәселелер көтерілді:
- Алаш қайраткерлерінің педагогикалық және қоғамдық мұралары;
- Ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту;
- Қазақ қоғамындағы тәуелсіздік идеяларының тарихи маңызы.
Конференция барысында қатысушылар Жаһанша Досмұхамедовтың мұрасы арқылы ұлттың тарихи тағылымына терең бойлап, тәуелсіздік пен ұлттық құндылықтар мәселелерін талқылады.Іс-шара қазақ қоғамының тарихи мұраларын сақтауда және жастар арасында ұлттық сана қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.
Кері байланыс: Қатысушылар конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және мазмұнды өткенін атап өтті.