Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогигикалық колледжінде халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне колледж қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Пікір алмасу сыбайлас жемқорлық деген не? Бүгінгі қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейі қалай? Оның субъектілері кімдер? Қоғамға зияны неде? Студенттеріміздің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалай сіңіруге болады? Еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жоюдың жолдары қандай? деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу отбасылық тәрбиеден, ата-ананың бағыт беруінен басталып, білім беру ұйымдарының жолға қойылған тәрбиелік бағдарламаларға тығыз байланысты екеніне көз жетті.
Сондай-ақ комплаенс қызметі туралы бейне материал көрсетіліп, әрдайым сыбайлас жемқорлық туралы мәселе туындағанда осы қызметке жүгінуге болатындығы айтылды.