Жаһанша колледжінде Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» тақырыбындағы сұхбаты талқыланды.
Президентіміз 2025 жылдың алғашқы күндерінде-ақ өзінің “Ана тілі"газетіне берген сұхбатында 2024 жылдың айтулы оқиғаларын атап өтіп, алдағы уақытқа жоспарланған ауқымды шараларға тоқталды, халықтың әлеуметтік жағдайынан бастап, еліміздің халықаралық қарым-қатынасына дейінгі барлық мәселені қамтыды.
Елбасы өз сұхбатында өткен жылдағы "Таза Қазақстан" бағдарламасына, "Қоғам және заң" жобасына, ел экономикасы туралы АҚШ долларының қымбаттауы, жастардыңшет елдерге кетуі, т.с.с маңызды мәселер бойынша ашық түрде өз ойын білдірді. Әр салаға жан-жақты тоқталған мемлекет басшысы қоғамның кеселіне айналған сыбайлас жемқорлық мәселесін де атап өтті. «Сыбайлас жемқорлықпен жүйелі түрде күресу – аса қажетті жұмыс. Бұған еш күмән жоқ. Мемлекет жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілерін анықтау ғана емес, жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыс жүргізіп жатыр.
Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес жолында ең озық халықаралық стандарттарды, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы енгізіп жатқан талаптарды басшылыққа алады. Бұл – өте жоғары талап, біз соған сай болуымыз керек. Бұған қоса, мен сыбайлас жемқорлықпен күресуге жауапты мекеменің басшыларына науқаншылдыққа салынбай, байыпты шешімдер қабылдау қажеттігін үнемі айтып отырамын. Өйткені әрбір шешімнің артында адам тағдыры тұр» деді президент.
Мемлкет басшысының, әсіресе, білім саласына қатысты пікірлері, бастамалары аса құптарлық. Елімізде екі жыл бұрын қабылданған "Жайлы мектеп" бағдарламасы бүгінгі білім саласының негізін қалыптастыруға бағытталған. Президент тапсырмасында "барлық мектеп бір ауысымды оқуға көшуі керек" деді. Өздеріңіз білетіндей, мектептегі орын тапшылығы әлі де бар, сол бағытта көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Мемлекет тарапынан білім саласында жасалып жатқан түрлі тетіктің арқасында бүгінде біршама нәтиже бар екенін халық көріп, біліп отыр. Ал оқулықтардың сапасын арттыруға қатысты министрліктер тарапынан да жұмыстар атқарылып жатыр. Бастысы, мақсат - айқын, сол бағытта жұмыс істей береміз", - деді.
Қасым Жомарт Кемелұлы «Заң мен тәртіп» қағидасы құқық қорғау саласына ғана арналған деп тұжырымдаған дұрыс болмайды. «Заң мен тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырған жоқпыз. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз» - деді.
Бұл сұхбат елдің болашағына деген сенімді күшейтті. Келіп жеткен жылдан үмітіміз көп, еліміз көркейіп, халықтың тұрмыс тіршілігі арта түседі деген ойдамын. Ең бастысы, бірлігімізге сызат түспей, Мемлекет басшысының әділетті Қазақстан құру жолындағы игі бастамаларын қолдап, болашағымыз үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры Алтынгүл Жақсығұлқызы Қайырлиева