2025 жылдың 8 қаңтар күні 2 асКШК-9 тобы кезекті тәрбие сағатын өткізді. Алдымен, кураторымыз Койшекенова Алтынгүл Тұрсынғалиевна бізге қысқы қауіпсіздік шаралары туралы айтып өтті.
Тәрбие сағатында біз «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: МАҚСАТЫМ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІКТІ НЫҒАЙТУ» атты ANA TILI ұлттық газетінде шығарылған тілші Ерлан Жүністің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен сұхбатын талдадық. Осы сұхбатты талқылау арқылы біз елімізді дамытуға қатысты шаралардың мән-маңызын тереңінен түсіндік.
Сұхбаттан былтырдан бастап зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы өскенін, еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген жаңа мектеп, балабақша және дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары салынғанын, көптеген саяси және экономикалық реформалардың жүргізіліп жатқандығын, Қаңтар оқиғасы және Талғардағы қылмыстық оқиға жайында президенттің өз пікірін біліп, әр студент маңызды мәселелерді ортаға салды. Президент бастамасымен әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық жасағандарға жазаның күшейтілуі, балаларға қатысты ауыр қылмыс жасағандарға өмір бойы бас бостандығынан айыру және үсті-үстіне несие алу, вандализм, лудоманиямен күрес заңдарының енгзілгені талқыланды.