Колледж психологы А.К. Аяпбергенова жатақхана тарбиешилері Г.Т.Шахаева жане Н.Д.Байтаковамен бірлесіп жатақханадағы студенттерге арнап "Буллингтің алдын алу және психологиялық қауіпсіздік" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Шараның мақсаты — студенттер арасында сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу және әрбір студенттің өзін қауіпсіз әрі қолдау сезінетін ортада болуын қамтамасыз ету.
Шара барысында:
Буллингтің қандай түрлері бар және оның салдары қандай болатыны туралы айтылды.
Қарым-қатынасты жақсарту үшін тиімді әдістер талқыланды.
Буллинг жағдайында қалай әрекет ету керектігі және кімнен көмек сұрауға болатыны түсіндірілді.