#менқашықтаноқытамын
#яобучаюдистанционно
#ЖаһаншаКолледжі
#менқашықтаноқытамын
#яобучаюдистанционно
#ЖаһаншаКолледжі
Қазіргі таңда, қашықтықтан оқытуға көшкен оқу орындары басшылары мен үйден жұмыс жасап отырған оқытушылардың да өз міндеттері бар.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде білім алушылар мен педагогтердің, басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралумауы үшін жедел шаралар ұйымдастырылуда.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлар жылы» деп жариялануына байланысты, 11 наурыз күні колледжімізде Облыстық жастар ресурсы орталығының директоры Мейірбек Асқарұлының қатысуымен «Ынтымақ» және «Руханият» еріктілері кездесу ұйымдастырды.
3 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай жас ұрпақтың ақын мұрасын зерделеп, құрмет тұтатын дара туған талант иесі Жұбан ақынның көзін көрген ел аға-апаларының естеліктерінен ұлағат алу мақсатында «Жағаңда жанмын жаралған...» атты әдеби кездесу кеші өтті.
2-3 наурыз аралығында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешісі» құзыреттілігі бойынша WorldSkills чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. Жұмысша мамандықтарға арналған WorldSkills чемпионаты жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" кафедрасында оқытушылар біліктілікті арттыру және тәжірибемен бөлісу мақсатында әдістемелік сағаттар өткізеді. Осы жолы оқытушы Сарсенгалиева А. Б. әріптестермен "Роботехника" жаңа технологиясымен танысу бойынша әдістемелік сағат өткізді.
Әр жолда қанша мағына бар, онда қара сөз болсын, ән болсын, ұлы тұлға - Абайдың қолымен жазылған қаламның туындысы болсын. Бүгін "мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" кафедрасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өткізді. Іс-шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының 1 курс тобында апта сайын сынып сағаттары өтеді. Осы аптада да зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын алуға арналған сынып сағаттары өтті.