Студенттер «Облыстық ЖИТС-ке қарсы және оның алдын-алу» орталығының маманы Гүлнәр Кимқызы Умбетовамен кездесті

Наурыздың 3 күні 1аРДО-9, 1аРШО-9, 1аКШР-9 топ студенттері салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Облыстық ЖИТС-ке қарсы және оның алдын-алу» орталығының маманы Гүлнәр Кимқызы Умбетовамен кездесті.

“Алғысымыз шексіз” атты мерекелік концерт өтті

Ғалымдар «Алғыс айту» күнін тарих ақтаңдақтарын ашу үшін аса қажет шара деп, ал ұстаздар қауымы жастардың бойына адамгершілік, қайырымдылық, туған жерді сүю, еліңнің ізгі қасиеттерін біліп, бағалау қасиеттерін сіңіретін мереке деп бағалады.

«Алғыс айту күніне орай» мерекелік шара

28 ақпан күні Мұнайшылар алаңының «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған кең көлемді мәдени көпшілік шаралар жоспарына сәйкес «Алғыс айту күніне орай» мерекелік шара өтті. Шараға колледжімізден «Ынтымақ» волонтерлар тобы және БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, басқа да арнаулы оқу орындарының студент жастары қатысты.

«Ынтымақ» еріктілер тобының мүшелері көмек қолын созды

28.02.2020 күні қаламыздың 4-ші шағынаудан, Құрылысшы, Д. Қонаев атындағы шағынаудан, Жаңа Орда, Солтүстік-шығыс шағынаудандарында су құбырының істен шығып, тұрғын үйлерде ауыз судың болмауына байланысты «Ынтымақ» еріктілер тобының мүшелері ардагерлер, зейнеткерлер және жалғыз басты адамдарға су тасып көмек қолын созды.

«Жаһанша – адалдық алаңы» жобасы аясында студенттер арасында сурет және эссе байқаулары өтті.

2020 жылдың 25-26 ақпан күндері колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатындағы «Жаһанша – адалдық алаңы» жобасы аясында студенттер арасында сурет және эссе байқаулары өтті.

ЖаҺанша адалдық алаңы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ұсынысымен педагогикалық колледжде ашылған «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі облыстық семинарда біз өз тәжірибемізбен облыстың жоғары және арнаулы оқу орындары басшылары және студенттерімен бөлістік. Студенттер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаевпен, "Nur Otan" партиясы БҚО филиалының төрағасының орынбасары М.Р.Мұқаевпен бір дөңгелек үстел барысында пікір алысу мүмкіндігіне ие болды.

«Мен алғыс білдіремін!»

2020 жылдың 27 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Мен алғыс білдіремін!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

«Сollege startup» облыстық бизнес жоба байқауындағы Жаһанша жетістігі

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті базасында Батыс Қазақстан облысы, Білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «College Startup» облыстық бизнес жоба байқауы өтті. Байқау нәтижесінде төмендегі студенттеріміз үлкен жеңіспен оралды.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 9

Кеше 12

Осы аптада 47

Осы айда 370

Барлығы 255730

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска