«Үлкенге құрмет» кішіге жол көрсет!»

12.02.2020 күні тәрбиеші А.Нугманова студенттер үйінің тұрғындарымен «Үлкенге құрмет» кішіге жол көрсет!» тақырыбында баяндама оқыды. Мақсаты студенттерді жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуды үйрету. Өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіріп, жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. 

«Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған ардагерлерімен кездесу кеші

Ауған демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылуына 31 жыл толды. Осыған орай 10 ақпан күні «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге 1987-1989 жылдар аралығында Ауғанстан демократиялық республикасының Кабул провинциясында интерноционалдық борышын өтеген, қазіргі уақытта зейнеткер - Баймулдин Қадірбек Ескендірұлы және запастағы капитан «Сервис және жаңа технологиялар» колледжінің әскери жетекшісі - Есенғожин Болат Нуритдинович қатысты.

Пікірсайыс турнирі

Ақпанның 10 жұлдызы күні колледжімізде мемлекет басшысы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын насихаттау және «2020 жыл - Еріктілер жылы» қолдау мақсатында жас оқытушылар мен студенттер арасында пікірсайыс турнирі өткен болатын. Турнир ерекше атмосферасымен есте қалды. Турнирде қаралған қарар: «БП ұлттық кодтың негізі тілде» осы тақырып аясында АПФ форматында пікір алмасу болды.

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік!

Өткен 2019 жылы Батыс Қазақстан облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру бойынша 4 факті тіркеліп, оның бәрі ізі суытылмай анықталып ашылды.

Анонимдік хабарлама берудің негізгі мотиві мас күйіндегі азаматтардың бұзақылық ниеттері.

Түлектер форумы

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 7 ақпан күні «Кешегі түлек-бүгінгі кәсіби маман» тақырыбында түлектер форумы өтті. Форумға қалада, аудандарда, ауылдық жерлерде қызмет етіп жатқан кәсіби мамандар жиналды. Форумға 65 түлек қатысты. Түлектерге алдымен колледж №6«Рухани мұра », №3 «Қазақ жазуының тарихы мен латын әліпбиі емілесін оқыту әдістемесі», №34 Лингафон, №37 «Мектепке дейінгі білім берудің жеке әдістемесі», № 27 «STEM»кабинеттері таныстырылды.

Түлектермен кездесу кеші

Осы жылдың 07 ақпан күні колледжіміздің Музыка кафедрасында түлектермен кездесу кеші өтті. Кездесуге Музыкалық білім мамандығында білім алып, аталған мамандық бойынша қалалық, аудандандық мектептептерде музыка пәні мұғалімі болып жұмыс жасап жатқан түлектер қатысты.

«АБАЙ БІЛМЕК КЕРЕК ОЙЛЫ ЖАСҚА» атты интеллектуалды сайыс оздырылды.

06.02.2020 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «АБАЙ БІЛМЕК КЕРЕК ОЙЛЫ ЖАСҚА» атты интеллектуалды сайыс оздырылды. Жатақхана тұрғындарына ұлы ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

«Цифрландыру жағдайында оқу мен оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында математика, информатика кафедрасының он күндігі ашылуы

3 ақпан күні «Цифрландыру жағдайында оқу мен оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында математика, информатика кафедрасының он күндігі ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шара көрініспен сомдалып, Ғалым атаның «уақыт машинасымен» саяхатқа бірге аттану үшін көрермендермен белсенді түрде түрлі есептер шығарылып, логикалық тапсырмалар орындалды, ойындар ойнатылды.

Прошла встреча студентов с главным специалистом департамента по противодействию коррупции Ерканатом Ерболулы.

4 февраля 2020 г. в Высшем педагогическом колледже им.Ж.Досмухамедова прошла встреча студентов специальностей «Начальное образование», «Основное среднее образование», «Дошкольное обучение и воспитание» с главным специалистом департамента по противодействию коррупции Ерканатом Ерболулы.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 8

Кеше 12

Осы аптада 46

Осы айда 369

Барлығы 255729

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска